Scholarly article · 1(26)
СЫНИ ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ЫҚПАЛЫ
Abstract
Мақалада орта білім беру жүйесіндегі сыни ойлау технологиясының рөлі, оның білім сапасына және оқушылардың танымдық белсенділігіне тигізетін ықпалы ғылыми-практикалық тұрғыдан жан-жақты талданады. Зерттеу барысында дәстүрлі қайталамалы (репродуктивті) оқытудан өнімді, танымдық-сараптамалық оқытуға көшудің теориялық негіздері қарастырылған. Сыни ойлауды дамытудың «Қызығушылықты ояту – Мағынаны тану – Ой толғаныс» атты базалық үшсатылы моделі сабақ үрдісіндегі нақты дидактикалық тәсілдер арқылы дәлелденген. Сонымен қатар, мақалада сыни ойлаудың ең жоғарғы көрінісі ретінде академиялық мәтін түзу әдістері, оның ішінде дұрыс тезис тұжырымдау және дәлелді эссе жазу инновациялық құрал ретінде негізделеді. Зерттеу нәтижелері сыни ойлау технологиясын жүйелі қолдану оқушылардың оқуға деген ішкі уәжін 35-40%-ға арттырып, олардың өзіндік талдау жасау дағдыларын айтарлықтай жақсартатынын көрсетеді.
Kalit so'zlar